Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 21.11.2019Қаралғаны: 184 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қызылорда облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің саны 1393-ке көбейді. Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде жұмыс істеп жүргендерінің үлесі 86,32 пайызға ұлғайды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси мәлімдеді.

«Биыл аймақта жастарды қолдау мақсатында мемлекеттен гранттар беру конкурсын өткізу үшін жиырма бір миллион теңге қаржыландыруға берілді. Конкурсқа қатысуға 473 шағын кәсіпкерлік субьектілері өтінім түсіп, оның 84-і қаржылай қолдау тапты. Соның ішінде 44 жоба жас кәсіпкерлерге тиесілі»,- деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, бүгін «Байқоңыр Star-UP 3» бизнес-идеялар конкурсы өтеді. Шарада аймақ жастары өз бизнес жоспарларын ұсынады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея