Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.11.2019Қаралғаны: 130 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА СЛАВЯН ЭТНОСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

 

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Достықта жоқ шекара» атты славян фестивалі өтті.

Фестивальге Жамбыл, Алматы облысы, аудандардан арнайы келген қонақтар, облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестік төрағалары мен белсенді мүшелері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Фестиваль басталмас бұрын келген қонақтар қолөнер және орамалдар көрмесін тамашалады.

Мәдени күн аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген славян этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділері мен Жамбыл, Алматы облысынан келген қонақтарды Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен бірге, облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың атынан бірлестіктің ардагері Майя Бусыгинаның 75 жылдық мерейтойына орай құттықтауын табыстай отырып, жылы лебізін білдірді. ««Құстың күші – қанатта, адамның күші – достықта» дегендей, біз сіздермен тамаша славян фестивалінің куәсі болдық. Бейбітшілік пен достық мерекесі өтті. Бір шаңырақтың астында түрлі этнос өкілдерінің бірігуі – біздің жеңісіміздің кепілі. Бүгінгі іс-шара біздің берік достығымыздың, өзара түсіністігіміздің және сыйластығымыздың тағы бір жарқын дәлелі.

Славян орталығы біздің облыста және одан тыс жерлерде кең танымал. Орталықтың есебінде көптеген игі істер бар. Бұл фестивальдер, байқаулар, халық мерекелерін өткізу, облыстық және қалалық қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстарды нығайту, Қазақстандағы гуманитарлық салалардағы Ресей Федерациясының елшілігімен тығыз ынтымақтастық.

Славян қоғамдық-мәдени орталығының күнделікті жұмысының басты мазмұны біздің қоғамдағы достық пен келісімді нығайту, жалпы рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелей отырып, ортақ үйіміздің болашағы үшін жоғары жауапкершілікте болу.

Шын жүректен славян этномәдени бірлестігінің мүшелерін тамаша фестивальмен құттықтаймын. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, славян ұлттарының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамыту бойынша одан әрі жігерлі де жемісті жұмыс тілеймін.

«Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Галина Сергеевнаға оның қажырлы еңбегі үшін үлкен алғыс айтамын»,- деді.

Славян этносының фестивалінде әртүрлі жанрларда ән, би, өлеңдер орындалды. Жамбыл облысының «Калинка» вокалды тобы,  Қапшағай өңірінен  келген «Сударушки» ұлттық әндер ансамблі кештің көркін келтіріп, одан бетер жандандыра түсті. Мерекелік концерттен соң фестивальге келген қонақтар Сыр елінің көрікті жерлеріне экскурсия жасады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея