Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 18.11.2019Қаралғаны: 137 рет
ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

 “Nur Otan” партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға келген 20-ға жуық қала тұрғындары тұрғын үй, жұмыспен қамту, балабақша мәселесі, әлеуметтік көмек жөнінде өтініштерін білдірді.

Ал кейбір тұрғындар бұған дейін қала әкімінің қабылдауында болып, көтерілген мәселелерінің шешілгеніне риясыз алғыстарын білдіре келген. Оның ішінде, қала тұрғыны Нұртазаева Нышанкүл есімді қала тұрғыны бар. Ол кісінің айтуынша осы уақытқа дейін қала әкімінің бірнеше рет қабылдауында болып баспана мәселесін көтеріп жүрген. - «Жасыратыны жоқ осындай қабылдауларға келіп талай ренішімзді білідіріп кететінбіз. Дегенмен, қала әкімі баспанаға қол жеткізуге мүмкіндігі зор мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй алуға болатындығын, барлық мәселе Заң аясында реттілігімен шешілетіндігін жеткізіп сауалымызға сабырмен жауап беріп, қолдан келген көмегін және тиісті сала мамандары кеңесі мен қолдауын аямады. Расында, осының арқасында 12 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрған мен, бүгінде сол жағалаудағы жаңа қаладан баспанаға қол жеткіздім. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары арқылы қайтарымсыз грант алып, тігін шеберханасын ашып кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Сондықтан тек сабыр мен парасатттылық танытып, халықтың сұранысын қанағаттандырып жүрген қала әкіміне алғыс айта келдім», - дейді қала тұрғыны.
Қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесімен жіті танысқан шаһар басшысы, мәселенің жедел шешілу жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру туралы өз орынбасарларына, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді және Өз тарапынан тікелей бақылауға алатындығын жеткізді.

Жалпы, қала әкімі жоспарға сәйкес және кезектен тыс қабылдауларды тұрақты ұйымдастырып келеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея