Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 11 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 14.11.2019Өзгертілді: 14.11.2019Қаралғаны: 114 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАҒЫ ДА ЖОЛДА ҚАБЫЛДАЙДЫ

Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың қараша айының 15-16 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент басшылары, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасы, қалалық, аудандық полиция бөлімдері басшылары арнайы орындарда халықты жеке қабылдайды.

Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу,  полиция  қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.

«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:

Қызылорда қаласы – Орталық алаңында орналасқан «Нұр Отан» ғимаратында,

«Ескі базар» жанында Тоқтыбаев – Әйтеке би көшелерінің қиылысында орналасқан №3 стационарлы полиция бекетінде;

Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі;

Қазалы ауданы – «Орталық алаң» Қ.Пірімов көшесі;

Қармақшы ауданы – «Темір жол вокзалы» Железнодорожная көшесі;

Жалағаш ауданы – «Аманкелді көшесі, Байтерек базары жанында»;

Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі

Шиелі ауданы – Орталық стадион, Жахаев көшесі «Жадыра сауда үйі» Сейфуллин көшесі

Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.

Байқоңыр қаласы – Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.

Аталған шара сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін  жалғасады.

15–16 қараша аралығында 30-50-30, 30-41-32 телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.

Бұдан бөлек  ПИК қызметкерлерімен бірге учаскелік полиция инспекторлары  төмендегі мекен-жайларда аулада қабылдау акциясын өткізеді; 

1.№2 әкімшілік аймақта Қорқыт Ата көшесі №7 үй ауласы;

2.№3 әкімшілік аймақта «3 күрделінген квартал» м/а №5 үй ауласы;

3.№5 әкімшілік аймақта Титов м/а 31 үй ауласы;

4.№6 әкімшілік аймақта Торайғыров көшесі №80 «А» үй ауласы;

5.№7 әкімшілік аймақта Торайғыров көшесі №55 үй ауласы;

6.№9 әкімшілік аймақта Шұғыла м/а №25 үй ауласы;

7.№10 әкімшілік аймақта Абай даңғылы №41 үй ауласы;

8.№11 әкімшілік аймақта «Сәулет» мөлтек ауданы №8 үй ауласы;

9.№12 әкімшілік аймақта «Наурыз» мөлтек ауданы №13 үй ауласы;
10.№13 әкімшілік аймақта С.Бейбарыс көшесі №8 үй ауласы;

11.№14 әкімшілік аймақта «Арай-3»  м/а №60 үй ауласы.      

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея