
Енгізілді: 11.11.2019Қаралғаны: 84 рет
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінің 90 жылдық мерекесіне орай БАҚ өкілдері арасында өткен шағын футбол жеңімпаздары анықталды.
Ала доп бәсекесінде 7 команда бақ сынады. Спорттық шара нәтижесінде облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінен құралған команда топ жарып, І орын иеленді.
Ал ІІ орынды облыстық "Qyzylorda" телеарнасы, ІІІ орынды аудандық "Жаңақорған тынысы" газеті ұжымынан құрылған футбол командасы еншіледі.