Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 04.11.2019Қаралғаны: 84 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Қызылордада 9 қарашада «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.

Байқау ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Байқауда Жастар жылы және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармалар орындалады. Сайысқа республиканың 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір үміткер қатысып, бақ сынайды. Сонымен қатар өнер додасына өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысады.

Байқау Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде, 2019 жылдың 9 қараша күні, сағат 14:00-де өтеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея