Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 30.10.2019Қаралғаны: 126 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

 

 

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде 2 қараша күні Назарбаев Университетінің ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қызылорда облысы білім басқармасының «Facebook» парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, университетке грант есебінде тегін оқуға мүмкіндік бар. Университет 5 бағдарлама бойынша жұмыс жасайды:

1.Foundation

2. Бакалавриат

3. Магистратура

4.Докторантура

5.Біліктілікті арттыру бағдарламасы

Кездесуде Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері мен білім алу шарттары туралы айтылады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар шетелдік оқытушылардың презентациялары мен мастер-класстары, Назарбаев Университеті символикасымен сыйлықтар ұтуға конкурстар жүргізеді.

Ашық есік күні 2 қараша сағат 10:00-17:00 аралығында өтеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея