Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 30.10.2019Қаралғаны: 133 рет
КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ ЖЕРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

 

Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, заңгер Салават Құлмахан тағы бір кәсіпкердің жерін сақтап қалды. 

Жеке кәсіпкер Бақыт Құрасбаева осыдан бәрнеше жыл бұрын 450 шаршы метр жер сатып алып, кәсіпкерлік мақсатта ғимарат салмақшы болады. Алайда отбасылық қиындықтар жоспарын дер кезінде орындауға кедергі келтіріп, уақытын өткізіп алады.

Салдарынан Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы нұсқама беріп, оны орындамағаны үшін 176750 теңге айыппұл салады. Кәсіпкер Бақыт Құрасбаева жауапкершіліктен қашпай, айыппұлды төлеп, жерді игеруге қатысты жұмыстарын бастап кетеді.

Ал жауапты басқарма бұдан әрі жер телімін кәсіпкерден мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Сотта Кәсіпкерлер палатасының заңгері Салават Құлмахан кәсіпкердің заңды мүддесін қорғап, Бақыт Құрасбаеваның өкілі ретінде қатысады.

«Сот отырысында біз Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының талабымен келіспейтіндігімізді білдірдік. Біріншіден, кәсіпкер жерді алған кезде оны пайдалану мерзімі бар екендігін білмеген. Жер телімін алғаннан кейін құжаттарын дайындап бастағанымен, саудалары жүрмей қалып, қаржылық қиындыққа ұшырайды. Екіншіден, жер теліміне ғимарат түсетін жерден төрт метр қашықтықта кәріз су құбыры жүргендіктен, құрылысты бастау мүмкін болмай, тоқтап қалады», - дейді Салават Құлмахан.

Сот отырысында кәсіпкердің өзі де осы уақытқа дейін жер теліміне төленіп келген салықтың түбіртектерін, жобалау құжаттары мен құрылыс материалдарына, жүмысшы күшіне кеткен қаржыны дәлелдейтін құжаттарды көрсетіп, жерін алып қоймауды сұрайды.

Сотта Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бақытбек Елшібеков кәсіпкердің жер теліміне құрылыс нысанын бастағандығын, әрі қарай кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімін игеріп, адамдарды жұмыспен қамтып, мемлекетке салық төлеп, кіріс кіргізетінін, халыққа қызмет етуге ниетті екендігін ескеріп, талап қоюшының талап арызын қанағаттандырудан бас тартады.

Нәтижесінде кәсіпкердің жер телімі өзінде қалып, кәсіпкерлік мақсаттағы ғимаратын салып жатыр. Жақын күндері іске қосуды жоспарлауда.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея