Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 24.10.2019Қаралғаны: 350 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ

      «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында  «Бәйтерек девелопмент» акционерлік  қоғамының  сатып алу құқығымен жалға берілетін  Нұр-Орда м/а,   Арай-3 тұрғын ауданынан жоғары қабаттарда орналасқан  36 пәтерге  (2 бөлмелі-19  пәтер, 3 бөлмелі-17  пәтер) және  СПМК-70 тұрғын ауданынан   6 пәтерге    ( 2 бөлмелі-2 пәтер, 3-бөлмелі-  4  пәтер)     ЖАО-да (жергілікті атқарушы органда) кезекте тұрғандардан 2019 жылдың  28 қазан-15 қараша  аралығында    құжат қабылдау жүргізіледі.

               

Бөлме саны

Жалпы көлемі,

ш/м

Ең жоғарғы ай сайынғы  арендалық  төлемі 

71586 теңгеге дейін

2

59,9

3

73,0

        

"Бәйтерек девелопмент" АҚ сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйін  алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;

8) жалақы туралы анықтама (6 айлық);

9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

10) Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.

Сатып алу мүмкіндігі бар жалға ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібінде мынадай  санаттарға өткізіледі:

 - көп балалы отбасылар;

-толық емес отбасылар;

-мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

-жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-оралмандар;

 -1 және 2 топтағы мүгедектер;

- мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.

Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар  қабылдау орны: М.Шоқай  көшесі,147 үйі, №1, 2 терезелер, сағ. 9-00-18-00- ге дейін, байл. тел. 24-80-97, 24-80-61, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея