Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.09.2019Қаралғаны: 154 рет
ИЛЬЯ ИЛЬИН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 13 ОРЫНҒА ТҰРАҚТАДЫ

Kyzylorda-news.kz. Ауыр атлетикадан Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 96 келіде өнер көрсеткен қазақстандық Илья Ильин 13-орын алды, деп жазады BAQ.KZ.

Илья екі сайыстың қорытындысы бойынша 363 келі көтерді (168+195). Жұлқа көтеруде сегізінші орын, серпеде 20-орынды қанағат тұтты. Ол екі жаттығудағы алты мүмкіндігінің тек үшеуін ғана көтере алды.

Бұл салмақта алтын медальді қытайлық Тао Тян жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойыншы былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 410 келіні (180+230) көтерді. Сөйтіп, Ильядан 47 келіге озып кетті.

Ал екінші орынға катарлық Ибрахим Эльбах ие болды (178+224=402). Үздік үштікте Грузия атынан өнер көрсеткен Антон Плесной бар (181+213=394).

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея