Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.09.2019Қаралғаны: 181 рет
ҚЫЗЫЛОРДА: БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ – САННАН САПАҒА

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөледі. Тіпті «Білім және ғылым жүйесіне жұмсалатын жалпы шығын жыл сайын өсіп отыратынын» айтқан. Сонымен қатар азаматтардың сапалы білім алуына жағдай жасау, ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасындағы алшақтықты азайту, ерекше балалардың қоғамға бейімдеу және жүктемені азайту сынды мәселелерді шешу жолында жұмыс атқарылатынын жеткізді. Аталған жұмыстардың оң шешілуі білім саласындағы қызметкерлерден ерекше жауапкершілікті талап етеді.

Қызылорда облысында да мемлекеттік қолдаудың аясында білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Адами капиталдың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын білім саласындағы жоспарланған жұмыстар облыс әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспарында нақтылап көрсетілген.

2020 жылдың 1-ші қыркүйегіне мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын    100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету;

«Смарт Сити» тұжырымдамасы аясында «Білім беру» бағыты бойынша функционал деңгейін кем дегенде 70 пайызға арттыруды қамтамасыз ету;

бірінші сыныпқа балалар қабылдаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу.

Орта білім берудің жаңа мазмұнына өту шеңберінде мемлекеттік мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жұмыстарын жалғастыру;

қатысушылардың ақпараттық біліктілігін дамыту мақсатында «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңжолақты интернетті енгізуді, мектептерді бейне жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру, «Smart city» тұжырымдамасына сәйкес білім беру функциясы және технологиялар арасында өзара байланысты қолдануды жалғастыру;

«Robo Fest-2019» балалар фестивалін өткізуді жалғастыру;

Орта мектептер, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының үздік мұғалімдерінің бейне-сабақ және бейне-лекцияларын ғаламтор желісіне орналастыру жұмыстарын жалғастыру;

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кезең-кезеңімен ағылшын тілі пәніне көшу жұмыстарын жалғастыру;

категориялардың ара жігін ұлғайта отырып мұғалімдердің еңбек ақысын 30-дан         50 пайызға дейін арттыратын ұлттық біліктілік тестісі негізінде мұғалімдер үшін біліктілік деңгейі және өсімін ескеретін педагогикалық біліктілік санатының жаңа жүйесі бойынша үлесін арттыру жұмыстарын жалғастыру;

оқушылар сарайлары базасында барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарк және бизнес-инкубаторлар желісін құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жалғастыру;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «WorldSkills Qazaqhstan» чемпионатына аймақтық іріктеу турнирін өткізу жұмыстарын жалғастыру;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды білім беруді ендіру жұмыстарын жалғастыру;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульді білім беру жұмыстарын жалғастыру;

«Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 орындық балабақшаның құрылысын салу және пайдалануға беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру;

«Қызылорда қаласының «Арай» шағын ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысын салу және пайдалануға беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру;

Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі №231 орта мектеп ғимаратына 100 орындық қосымша құрылыс салуды жалғастыру.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша, оның ішінде бірыңғай біліктілік талаптарын, ұлттық біліктілік тестін ендіру, тәрбиешілердің және мектепке дейінгі ұйымдардың басқалай жұмыскерлерінің еңбек ақы жүйесін қайта қарау шараларын көздейтін Жол картасын әзірлеу және бекіту.

Білім берудің барлық деңгейінде математикалық және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту бойынша іс шаралар жүргізу.

Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуге және қоғамдық санасын қалыптастыруға ықпал ететін іс шаралар өткізу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оларды 2019 жылдың аймақтық жоспарына енгізу.

Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесі бойында 600 орындық мектеп құрылысын аяқтау.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея