Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 25.09.2019Қаралғаны: 192 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҮРМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОТБАСЫЛАРЫ САЙЫСТЫ

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы  биыл да мекеме қызметкерлерінің отбасылары арасында «Әкем, анам және мен – спорт сүйер жанұямен» спорттық сайысын өткізді.  

Жарысқа мекеменің режим бөлімінен «Томаевтар отбасы», жедел бөлімінен «Амантаевтар отбасы», тәрбие бөлімінен «Сұлтанғазиндер отбасы»  қатысты.  Спорттық шараны  департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров ашып, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.  

Тартысты да қызықты өткен спорттық шараға  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары  қазылық етті.

Сайыс нәтижесінде І орынды «Амантаевтар отбасы», ІІ орынды «Сұлтанғазин отбасы», ІІІ орынды «Томаевтар отбасы» жеңіп алды.

Жеңімпаз отбасылар мекеме бастығының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея