Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 23.09.2019Қаралғаны: 188 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ НАЗАРБАЕВ МЕКТЕБІ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектепішілік сенбілік ұйымдастырылды.

Ауқымды тазалық шарасына оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер мен барлық мектеп қызметкерлері қатысты. 800-ге жуық ерікті екі сағат ішінде мектеп және жанына тиесілі аумақты қоқыстан, қураған шөптерден тазалады. Сондай-ақ, мектеп айналасын сыпырып, талдарды әктеу жұмыстарын жүргізді.

«Қоршаған ортаның ластануы әлем бойынша өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты мектебіміз «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосып, үлкен сенбілік өткізді. Менің ойымша, өзін патриот деп санайтын әр адам міндетті түрде туған жердің тазалығына атсалысуы тиіс», – деп бөлісті 11-сынып оқушысы Гүлдана Сәбитова.

Сенбілік барысында шырқалған сазды музыка қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, тазалау жұмыстарын жүргізуде белсенділіктерін арттырды. Ата-аналардың айтуынша мұндай шаралар табиғатты аялауға үйретіп қана қоймай, ата-аналарды жақындастырады және мектеп оқушыларын еңбекке баулиды.

«Бүгін мектеп қаукымдастығы тағы бір игілікті іс атқарды. Барлығы жанашырлық танытып, мектепті абаттандыруға көмектесті. Барлық қала тұрғындарын өз үйлерінің аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз», – деді ата-ана Зәуре Абуова.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея