Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 23.09.2019Қаралғаны: 172 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың байқауының облыстық кезеңі өтті.

Аталмыш байқау Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Сананың ашықтығы» базалық бағыты аясында қолға алынып отыр.

Оны Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. Инновациялық идеялар байқауы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Жастар орталығының мәжіліс залында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - оқушыларға ғылым мен техниканың өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

«Байқауға қатысушылар автокөлік, өндіріс, ауыл шаруашылығы, әскери техника, су көлігі, құрылыс, жылу-электр энергетикасы, авиация және космонавтика бағыттарындағы жобаларын таныстырды. Білім алушыларды өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тартып, талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және облыстық мекемелерден 70 оқушы қатысты», - дәп мәлім етті «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық кезең жеңімпаздары 30-31 қазанда Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында өтетін қорытынды кезеңге жолдама алды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея