Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 16.09.2019Қаралғаны: 182 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАР ҚОҒАМҒА ЖЫЛУ ТАРТУ ЕТТІ

13 қыркүйек күні Қызылордада  өнерлі жастардың бас қосатын орнына айналған Жанды арбат бойында қала әкімдігі және азаматтық институт өкілдерінің қолдауымен ЖАСТАР ЖЫЛЫ мен ҚАЛА КҮНІ аясында «Мен – Қамқоршы жас» қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияда 14-29 жас аралығындағы жастар өзінің ең жақсы ұнататын заттарын ( мезгілдік киімін, кітап, ұялы телефон, ойыншықтарын жəне т.б) сыйға тарту арқылы көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлауға мүмкіндік алды.

Ізгілікті іске қолдау білдірген барша белсенді жастарға риясыз алғыстарын білдірген Қала әкімдігі мен «Жомарт» қоғамдық бірлестігі,  жас буынға қайырымдылық, ізгілік,адамгершілік сынды қасиеттерді биік ұстауға жəне рухани құндықтарды бағалай білуге үйрететін бұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатындығын жеткізді.

Акцияда жинақталған заттар "Жомарт" қоғамдық бірлестігі арқылы жұмыспен қамту орталығымен жасақталған көпбалалы отбасылардың тізіміне сəйкес үлестіріліп беріледі.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея