Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.09.2019Қаралғаны: 123 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «FACEBOOK» ЖЕЛІСІНДЕ ПАРАҚША АШТЫ

 

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов «Facebook» әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашты. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің жаңадан ашылған парақшасында мәлімдеді.

«Кез-келген істің өнімділігі мен нәтижелілігі үшін тәртіп пен белгілі бір жүйе болғаны дұрыс деп есептеймін. Мен күн сайын жергілікті және республикалық, әлемдік кеңістікте орын алған басты жаңалықтар мен әлеуметтік желіде жарияланған маңызды жазбаларды оқимын. Мақсатым – қажетті ақпараттармен танысу, қоғамдық көзқарастарды білу.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та халықпен ашық диалог орнатуды бізге жүктеді.

Осы ретте, Өзімнен бастап, орынбасарларым, аппарат басшысы, кеңесшілерім, аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары әлеуметтік желіге тіркеліп, халықпен ашық байланыс орнатуда.

Бұған дейін уақытты тиімді қолдануға әрі өзіме жұмыс істеуге ыңғайлы желі түрі Твиттерге тіркелдім, жаңалықтар, өтініш-пікірлермен танысып отырмын. Десек те, тұрғындар тарапынан басым бөлігі фейсбукті қолданатындарын айтып, сонда парақша ашу жөніндегі ұсыныстар жиі айтылуда. Сол ұсыныстарды біршама уақыт зерделеп, бүгін жеке парақшамды іске қостым.

Бүгінге дейін барлық сала өкілдерімен жеке-жеке кездесу өткізіп келемін. Ондағы мақсатым да осы - өңір халқының проблемасын бірлесіп шешу. Ел – ортақ, жер – ортақ, ондағы қуаныш та, орын алатын проблемалар да ортақ болары заңдылық. Сондықтан ортақ істе бірге жанашырлықпен жұмыла жұмыс жасаймыз деген сенімдемін», – деген облыс әкімі Қ. Ысқақов парақшасындағы жазбасында.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея