Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.09.2019Қаралғаны: 681 рет
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

 

 

 

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер сайттың басты бетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады.

Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны  PKRezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея