Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.09.2019Қаралғаны: 138 рет
ЕКІ КҮН БОЙЫ "ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ" АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

 

Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың қыркүйек айының 13 –14 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы   өткізіледі.

Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды.  

Акция барасында халыққа ішкі істер органдары  көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан  шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу,  полиция  қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.

«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:

1. Қызылорда қаласы–Темір жол вокзалының алдында, Мерей мөлтек ауданы №16 үй ауласында;        

2. Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі

3. Қазалы ауданы – «Орталық алаң» Қ.Пірімов көшесі

4. Қармақшы ауданы - «Темір жол вокзалы» Железнодорожная көшесі;

5. Жалағаш ауданы – «Аманкелді көшесі, Байтерек базары жанында»;

6.Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі

7.Шиелі ауданы – Орталық стадион, Жахаев көшесі  «Жадыра сауда үйі» Сейфуллин көшесі

8. Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.

9. Байқоңыр қаласы–Ақай мен Төре-там кенттерінің ораталық алаңдары.  

Аталмыш шара сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін  жалғасады.

13–14 қыркүйек аралығында 30-50-30, 30-41-32 телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея