Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 26.08.2019Қаралғаны: 578 рет
БЖЗҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ЕСКЕРТЕДІ

2019 жылғы05тамыз

Зейнеткерлік жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар, бірақ қандай да бір себептермен оларды алмаған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесіне жүгінуі қажет. Бұл ретте БЖЗҚ 2018 жылдың қазан айына дейін зейнеткерлік жасқа толған азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу үшін Қорға, ал мемлекеттік бюджет есебінен базалық және ортақ зейнетақыны алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгініп келгенін еске салады.         

2018 жылдың 11 қазанынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында «Бір терезе» қағидаты қолданылады – яғни, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.      

Осыған байланысты БЖЗҚ зейнет жасына толған азаматтарға Қорда зейнетақы жинақтарының бар-жоғын тексеруді, егер бар болса, Мемлекеттік корпорацияның жергілікті бөлімшесіне бару керектігін хабарлайды. Толық ақпаратты Қордың байланыс орталығының 1418 тегін нөміріне хабарласу немесе жергілікті бөлімшесіне бару арқылы алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея