Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 14 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 22.08.2019Қаралғаны: 146 рет
МӘМС: ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

 

Қызылордада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтың төрағалығымен мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі өңірлік штаб отырысы өтті.

Штаб жұмысы барысында маңызды әрі ауқымды мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, медициналық қызметтерді сатып алуды цифрлық жүйеге көшіру және халықпен кері байланыс орнату шаралары туралы мәселелер кеңінен қозғалды.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау реформасын жүзеге асыру жұмыстары аяқталып келеді. Сондықтан халықты ақпараттандыру жұмыстары күн тәртібінде тұрған негізгі мәселеге айналып отыр.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымов айтып өткендей, өңірдің медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге әлеуеті жоғары.

Өткен жылы қызылордалықтардың небәрі 44%-ы ғана медициналық сақтандыру туралы естісе, әлеуметтік сауалнамалар нәтижесі бойынша биыл медсақтандыру жайынан хабардар болған облыс тұрғындарының саны 58 %-ға артқан. Медициналық сақтандыру қорымен әріптестік орнатуға жекеменшік медициналық орталықтар ерекше қызығушылық танытып отыр. Қордың әлеуетті жеткізуші ұйымдары базасында жекеменшік медициналық орталықтар 95 позицияның 65-ін (68%) алады. Қызылорда облысының бұл көрсеткіші республикалық көрсеткіштен (58%) жоғары.

Сондай-ақ, аймақта денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі артуда. Биылғы жылы бекітілген бюджет 45 млрд теңгені құраса, 2020 жылға 61,8 млрд теңге жоспарланған. Оның ішінде ТМККК шеңберінде 43 млрд теңге және МӘМС жүйесінде 18,8 млрд теңгені құрап отыр.

Сақтандыру медицинасын тиімді енгізу үшін жергілікті басқармалардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру жалғасуда. Бұл тұрғыда мекемелерге медициналық ақпараттық жүйелер енгізіліп, ал дәрігерлерді компьютерлік техникамен және ғаламтормен қамтымасыз етеді.

Аймақта жұмысы нақтыланбаған тұрғындармен жұмыс жасау жалғасуда. Бүгінгі таңда олардың саны 113 415-ті құрап отыр.

Еске сала кетейік, медсақтандыру әрбір тұрғынға әсер етеді. Халық өзі туралы деректердің тіркелуін қадағалап отыруы тиіс.

Айта кетейік, барлық тұрғындарға әлеуметтік стандарт - медициналық қызметтің тегін пакеті қамтамасыз етіледі. Сақтандырылған азаматтар (жұмыс істейтін азаматтар және мемлекет төлейтін жарналардың 15 санаты) кепілдік беруден тыс ұсынылатын медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетін алады.  

МӘМС енгізу жөніндегі өңірлік штабтар өз жұмысын жалғастыруда.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея