Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.08.2019Қаралғаны: 192 рет
КӘСІБИ МЕДИАЦИЯ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕТУ БОЙЫНША ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАУ АЛДЫ

12 тамызда Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Бітім» медиация орталығының ұйымдастыруымен, Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында қалалық жалпы білім беру мектептерінің психолог-мамандарына кәсіби медиация негіздерін үйрету бойынша оқыту курстары бастау алды. 

Оқыту курсының алғашқы күні медиация жайлы жалпы мағлұматтармен басталса, алдағы уақытта медиация тәсілінің қыр-сырын үйретіп, дауды шешудің әідістері және оң тәжірибелер талқыланады. Курстарға Қызылорда қаласындағы барлық 54 мектептің 101 психолог-маманы қамтылып, кәсіби медиаторлар тізіміне енгізіледі, нәтижесінде қаладағы барлық мектепте медиация кабинетін ашу жоспарлануда. 

Мектептік медиацияны дамытуға бағытталған бұл қадам медиация институтын өңірде кеңінен дамытуға оң серпіліс беріп, білім беру саласында туындайтын даулы мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея