Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 07.08.2019Қаралғаны: 109 рет
БЕЛГІЛЕНБЕГЕН АЙМАҚТА СУҒА ТҮСКЕНДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

 

Суға түсу маусымы басталғаннан бері сақтық шараларын сақтамай, қайғылы жағдайға ұшырап жатқандар аз емес. Облыстағы су айдындарында, әсіресе Сырдария өзенінде азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайға ұшырауы, оның ішінде суға шомылу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселеге айналды.

 Өткен жылы облыс бойынша суда 22 адам қаза тапқан. Оның 8-і балалар. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев және Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимовтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Биылғы 2019 жылдың басынан 5 тамызға дейін облыс аумағындағы су айдындарында 29 адам қаза болған. Оның 12-і бала. Қызылорда облысының аумағындағы су айдындарында қауіпті учаскелердің саны 64, сол жерлерде 163 ескерту тақтайшалары орнатылған және судағы қауіпсіздік бойынша 60 билборд орнатылды»,-дейді Саид Молдақараев.

Аталған деректерде анықталғандай, 12 адам балық аулау кезінде, 20 адам суға түсуге арналмаған жерде батып, 4 адам абайсыз жағдайда, 2 адам белгісіз жағдайда суда қалқып кеткен.

Айта кету керек, белгіленбеген жерде суға түскен азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 кодексінің 364-бабына сәйкес бірнеше айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея