Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 07.08.2019Қаралғаны: 184 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛУАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

 

София қаласында (Болгария) күрес түрлерінен Əлем чемпионаты мəресіне жетті. Мықтылар бас қосқан бəсекеде еркін күрестен сынға түскен қызылордалық 17 жасар балуан Бекзат Тəжі қола жүлдені иеленді.

92 келіде боз кілемге шыққан Бекзат бірінші белдесуде Украина спортшысын 18:8, одан кейінгі кездесуде американдық балуанды 7:6 есебімен ұтты.  Тек жартылай финалда ресейлік спортшыға есе жіберіп қойды.
Қола медаль үшін болған кездесуде Грекия балуанын 17:8 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Бекзат үстіміздегі жылдың наурыз айында Талдықорған қаласында өткен ҚР чемпионатында алтын медаль иеленіп, Азия, Əлем чемпионаттарына жолдама алған болатын. Сондай-ақ, 4 -7 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азия чемпионатында жəне 29 шілде - 4 тамыз аралығында өткен Əлем чемпионатында қола жүлделерге қол жеткізді.

#2ОРМБЖМ-де тəлім алатын Бекзаттың жаттықтырушысы Орал Тлеуғабыловтың айтуынша, Бекзат келесі жылы жастар арасында өтетін жарыстарға дайындалады.
Оның алдағы мақсаты - Олимп шыңын бағындыру.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея