Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 7 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 01.08.2019Қаралғаны: 241 рет
ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖҰМЫСЫ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСПЕН ЖАЛҒАСТЫ

31 шілде күні қала әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету барысы туралы;
2. Қызылжарма ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы.
Өздеріңізге белгілі, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізілген болатын. 
2018 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 3 мыңнан аса отбасы алса, бүгінгі күні олардың саны – 12 мыңнан асып отыр.
Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметованың баяндамасына сәйкес, қазіргі таңда республикалық бюджеттен мемлекеттік атаулы көмек көрсетуге 3 млрд. теңге бөлінген.
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау рәсімдерін барынша жеңілдету және проактивті форматқа көшу үшін қалалық жұмыспен қамту орталығын, кент және ауылдық округтерін арнайы талапқа сай компьютерлік техникамен жабдықтау мақсатында облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Дегенмен, кейбір азаматтарымыздың қайтсе де осы атаулы әлеуметтік көмекті алудың жолдарын тауып, әдейі ажырасу, тұрақты жасап жүрген жұмысынан шығу, мүлкін өзгелердің атына аудару секілді әрекеттерді жасап, табысын азайтудың тәсілдерін қолданып жүргендер де бар.
Осыған байланысты, қала әкімі 2018 жылғы жылдық табыстары 1 млн. теңгеден асатын атаулы әлеуметтік көмек алатын бірқатар азаматтардың тұрмыстық жағдайларына қайта тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Қызылжарма ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауыл округінің әкімі Бауыржан Оспанов баяндама жасады.
Бүгінгі таңда, Қызылжарма ауылдық округінің халық саны 7523-ті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыздық өсімді көрсетті. 
Қазіргі таңда, округтегі бірқатар көшелердің қалалық бюджет қаражаты есебінен және демеушілердің қолдауымен орташа жөндеуден өткен.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес округтің шет аймақтарындағы 30-ға жуық отбасы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея