Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 31.07.2019Қаралғаны: 211 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ БІРГЕМІЗ» АҚПАРАТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

 

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай  облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы «Адам саудасына қарсы күресте біргеміз» атты ақпараттық науқанын өткізіді.  

Жүргізілген ақпараттық акция барысында полицейлер үкіметтік емес ұйым қатарынан  Қызылорда облысы «Шағын кәсіпкерлер-әйелдер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесіп, адам саудасы қылмысының  алдын алу мақсатында қалалық саябақтар, алаңдар, сауда орталықтары, теміржол және автовокзалдарда, облыс орталығындағы құрылыс объектілеріндегі жұмысшылар арасында түсіндірме  жұмыстарын жүргізіп,  үнпарақтар  таратты.  

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары  адам саудасына байланысты қылмыстың  алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс жасайтын сенім телефондары (116 16) жөнінде ақпараттандырды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея