Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 22.07.2019Қаралғаны: 1145 рет
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Қызылорда қаласының әкімдігі «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдауды бастады.

 

Жаңа әлеуметтік бағдарламаға көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады.

Несие сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда, оларға займ жылдық 2%-бен берілетін болады. Займ сомасы – 20 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен пәтерді жаңа және қолданыстағы үйден алуға болады. Немесе жер үй сатып алу мүмкіндігі де беріледі. Ең жоғары займ мөлшері 10 млн.теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлікті қарыз алушы тұрғын үй үшін кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады.

Бағдарламаға қатысушылар үшін тағы бір маңызды жайт – жергілікті әкімдіктен жолдама алу керек. Ол отбасының расында да қажетті категория бойынша баспана кезегінде тұрғандығын дәлелдейді. Әкімдік беретін жолдаманы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде несиелік өтінімді берген сәтке дейін алу керек.

 

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың мөлшері 42 500 теңгеден аспауы керек (барлық салықтар мен зейнетақы жарналарын шегергенде). Мәселен, егер отбасы 5 адамнан тұратын болса, онда оның жалпы кірісі 212 500 теңгеден артық болмауы тиіс. Яғни, бұл бюджеттік жәрдемақы емес, жұмыс орнынан берілетін қаражат болуы керек.

 «Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында толығырақ ақпаратты https://hcsbk.kz/the-program-of-development-of-regions/bakytty-otbasy/ сілтемесі арқылы біле аласыздар. Дәл сол жерде, банк бағдарлама бойынша қабылданған өтінім санын, берілген займдар мен жаңа қоныс иелерінің аты-жөні туралы ақпаратты жариялайтын болады.

Анықтама үшін: «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында несие бойынша төлемді есептеу жобасы.

Пәтер құны 10 млн. теңге болған жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында төлем мөлшері алғашқы 8 жыл ішінде алдын-ала займ бойынша 52 600 теңгені құраса, ал қалған 11 жыл бойы тұрғын үй займы бойынша 36 мың теңгеден төлеп тұру керек.

 

****                

2019 жылы шілденің 22 мен 26 (қоса алғанда) аралығында ТКШ ғимаратында жолдама беру үшін құжаттар қабылданады. Мекен-жайы: Қызылорда қ., М. Шоқай көшесі, 147 үй. Жұмыс уақыты: 09.00ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея