Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.07.2019Қаралғаны: 365 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қызылорда қаласы бойынша Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды көтермелеу мақсатында «Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңі өтетіндігін хабарлаймыз.

Қызылорда қаласының әкімдігі төмендегі номинациялар бойынша ұсынымдар қабылдайды.
1. «Жыл меценаты»;
2. «Туған өлке»;
3. «Жыл тұлғасы»;
4. «Жылдың үздік ұйымы»;
5. «Ерен еріктілік».

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысушы қала аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген және төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды және жеке тұлғалар бола алады:
1) өңір аумағында қайырымдылық, қоғамдық пайдалы және әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру;
2) қызметтің әлеуметтік бағыты;
3) сыйлық номинацияларына сәйкес келуі;
4) қажетті құжаттардың болуы.

Байқауға қатысуға арналған құжаттар топтамасы
Жеке тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);
3) Өмірбаяны;
4) Жеке куәліктің көшірмесі;
5) Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
6) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері);
7) Байланыс телефон нөмірі.

Заңды тұлға үшін:
1) Байқауға қатысуға өтінім;
2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);
3) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
4) Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері);
5) Байланыс телефон нөмірі.


Байқауға қатысушылар құжаттары 2019 жылғы 5 тамызға дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимараты 3 қабат, 313 кабинет қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.
Байланыс телефоны: 26-35-62.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея