Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.07.2019Қаралғаны: 96 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ЖАСТАРЫ АЙТЫСТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ҰСЫНДЫ

 

Айтыстың жаңа форматы! Қызылорда жастары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуде ұлттық өнерді жаңғырту жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Astanatv.kz.

Кездесуде бала күннен қаржылық сауаттылықты арттыру, отандық мультипликацияны дамыту мәселелері де қозғалды.

Қызылорда жастары партия төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуге бірнеше ұсыныс дайындаған. Соның бірі – жоғары сынып бағдарламасына қаржылық сауаттылық пен экономика пәнін қосу. Ал мектепке дейінгі дайындық мекемелерінде қазақ тіліндегі мультфильмдер санын арттыру керек деп есептейді. Бұл ретте анимациялық туындылардың тәрбиелік мәні зор болуы тиіс. Бауыржан Байбек әсіресе айтысты жаңғыртуға қатысты ұсынысты ерекше қолдайтынын білдірді.

«Айтысты қолдаймыз. Елбасы айтты, "Nur Otan" партиясы - халықтың партиясы. Біз айтпай-ақ , "Nur Otan" партиясы халықты біріктіру керек. Елбасы тапсырмасымен айтысты қолдадық. Қазір де оны әрі қарай жаңғыртамыз. Бірінші айтыс күзде бізде Алматыда басталады. Қаражат мәселесі шешілді. Ай сайын айтысты өңірлерде өткіземіз», - деді "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Қызылордадағы 25-і кезектен тыс конференцияда Бауыржан Байбек партия қатарын сауатты кадрлармен толықтыруды тапсырды. Қоғамдық қабылдаудың беделін арттырып, халықпен формальды түрде емес, ашық кездесулер өткізіңдер деді.  

«Әлеуметтік желіде де үнсіз қалуға болмайды. "Нұр Отан" проблемалық мәселелер туралы уақытында пікір білдіріп. Өз позициясын нақтылап отыруы керек. Халықтың сауалдарына жауап беру керек. Партия сынауды, сынды қабылдауды үйреніп, мәселені елмен талқылауы тиіс. Партияның өз ішінде елді алаңдататын маңызды проблемалардың шоғырын қалыптасқаны қажет», - дейді Бауыржан Байбек.

Жиында облыстық партия филиалының жаңа төрағасын сайлады. Енді оны Қызылорда облысының жаңа әкімі Қуанышбек Ысқақов басқарады.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамт
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея