Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 09.07.2019Қаралғаны: 188 рет
АСЫЛБЕК ТОҒЫЗБАЕВ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Асылбек Тоғызбаевты замандастары мен әріптестері мерейтойымен құттықтады.

 Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Асылбек Тоқмырзаұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, аймақ медицинасының дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.

«Облыстың денсаулық сақтау саласы дегенде, жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында саланың негізін қалап, оның өркендеуіне, жаңашылдануына ерекше еңбегін сіңірген ардақты аға-апаларымыз еске түседі. Әрине, көш басында, облыстың денсаулық сақтау саласын 30 жылдан астам басқарған Мақашева София Өтегенқызы тұрады, одан кейін Абдуллаев Шәдібай Нұрғазыұлы, қазір ортамызда отырған саланың ардақты ардагерлері Омаров  Ернияз Омарұлы, Маханов Тұрғанбай Маханұлы, Атабаев Базарбай Асанбайұлы, өздеріңізбен бірге сала «қазанында» біте қайнасқан, елдің ерекше ілтипатына ие болған Әлназаров Шәріпбай Әлназарұлы, Құлсартов Сағынбай Қарақұлұлы, Исаев Варлен Исаевич және басқа да көптеген дәрігерлердің аты аңызға айналғанын құрметпен атап өтуге болады. Осы кісілер салып кеткен сара жолмен жүріп келе жатқан ардақтыларымыздың ішінде, бүгінгі құрмет иесі Асылбек Тоқмырзаұлы да бар», - деді аймақ басшысы.

Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Асылбек Тоғызбаевқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Сондай-ақ, мерейтой иесін әріптестері, республикалық  медициналық Палатасының президенті, халықаралық деңгейдегі сарапшы Мақсұт Құлжанов пен денсаулық сақтау саласының ардагері Ақмырза Сыдықов құттықтады.

Кездесу соңында Асылбек Тоқмырзаұлы жиылған қауымға өз алғысын жеткізді.

Асылбек Тоқмырзаұлы 1949 жылы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 1967 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетіне түсіп, институттың соңғы курсында оқып жүрген кезінде орта буынды медицина қызметкері ретінде Ақтөбе балалар ауруханасының хирургия бөлімінде жұмыс істеген.

1973 жылы оқу орнын бітіріп, дәрігер ретіндегі еңбек жолын Қызылорда облыстық ауруханасының анестезиология-реаниматология бөлімінде бастайды. Осы ауруханада 1982 жылға дейін дәрігер, одан кейін қан құю бөлімінің меңгерушісі болып жемісті еңбек етті. А.Тоқмырзаұлы басшылық қызметтерді атқарған, «ҚСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Құрмет грамотасы және «Алғыс хаттармен» марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері. Облыстың денсаулық сақтау саласында 46 жыл үзбей еңбек етті. 2018 жылы «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея