Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 07.07.2019Қаралғаны: 98 рет
ОБЛЫСТЫҚ КҮЙШІЛЕР КОНКУРСЫ ӨТТІ

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлы, Құрақтың Досжаны және Шал Мырзаның күйлерін насихаттауға арналған «Ғасырлар пернесі» атты облыстық күйшілер байқауы өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары және Жастар жылы, Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған шараға Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан барлығы 8 талапкер  қатысып, Сыр бойы күй өнерінің озық үлгісін көрсетті.  

Дала фольклоры мен әуенін насихаттау мақсатында байқауда Әлшекей Бектібайұлы, Құрақтың Досжаны, Шал Мырза күйлерінен өзге Жалдыбай, Жантөре күйшілердің және Арқа, Маңғыстау, Қаратау өңірлерінің күй қазынасы көрермен назарына ұсынылды.

Айта кету керек, күйшілер байқауында республикалық, халықаралық  күйшілер байқауының жеңімпаздары Қазанғап атындағы Қызылорда  музыкалық колледжінің «Халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі, Әлімжан Әбсадықов, облыстық филармония солисті Абылайхан Сқақовтар қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен  байқауда  І орынды Сәбит Дідебаев (Қызылорда),  ІІ орнынды Совет Данияр (Қызылорда), ІІІ орнынды Көшербай Мұхамеддин мен Нариманов Олжас (Қызылорда) жеңіп алды. Қалған қатысушы талапкерлер Алғыс хатпен марапатталып, күйші-композитор  М.Сыдықовтың «Жырлайды Арал перзенті» атты кітабы сыйға берілді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамт
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея