Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 04.07.2019Қаралғаны: 141 рет
ТАҒАМДАРДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ!

 

Тағам токсикоинфекциясы немесе тамақтан улану дегеніміз ауру қоздырғыш (патогенді) микробтар ұялаған немесе олардың токсиндері сіңген тағамдарды пайдаланудан пайда болатын жедел жұқпалы ішек аурулары.Тағам токсоинфекциясы негізінен тез бұзылатын әртүрлі тағамдарды дұрыс, таза сақтамаған және тұрып қалған тағамдарды пайдалану арқылы жұғады. Түрлі микробтардың қоздырғыштары көбіне майлы тағамдарда, еттерде, сүтте көбейіп, өсіп-өніп «у»  бөледі. Қоздырғыштар ұялаған тағамды жеген адамдар уланады.Аурудың инкубациялық (жасырын) кезеңі 1-2 сағатқа дейін. Ауру тез басталады, бірден жағдайы нашарлайды, жүрегі айниды, құсады, басы айналады, асқазаны аурады, іші өтеді. Іш өту көбінесе 1-ші тәуліктің аяғында болады. Дене қызуы 39-40С-қа дейін көтеріледі.Егер дер кезінде жедел көмек көрсетілмеген жағдайда қан қысымы төмендейді, жүрек соғысы жиілейді, басы айналады, аяқ-қолы тартылып, мұздап, сіреспелер байқалады. Асқынған жағдайда науқас өліп кетуі де мүмкін. Науқас адамға жедел жәрдем көрсету негізінен асқазанды жуып тазалау және тазалау клизмасын жасау болып табылады.

Аурудың басты алдын алу шаралары: тағамдардың дұрыс дайындалып, дұрыс сақтауын қадағалау, тез бұзылатын тағамдарды, сүт өнімдерін арнайы мұздатқыштарда сақтау, сақталу мерзімі өтіп кеткен тағамдарды пайдаланбау және жалпы санитарлық ережелерді дұрыс сақтау болып  табылады.

Тағамдардан уланудың алдын алу үшін әркімге білу керек:

-         Шөлмекке немесе пакетке құйылған болса да, сүтті қайнатқан дұрыс;

-         етті пісіру барысында 2-2,5 сағаттан артық, ал балықты 30 минуттан артық қайнату керек;

-         ет, көкөніс және нан үшін бір ғана бөлгіш тақталар мен пышақтарды пайдалануға болмайды;

-         тұздықсыз көкөністерді, жартылай өңделген өнімдерді (голубцылар, туралған етпен жайма құймақтар) 6 сағатқа дейін сақтауға болады;

-         егер тағам түрлерін 5 сағаттан астам сақтауға тура келсе, пайдалану алдында міндетті түрде термиялық (ыстықпен) өңдеу қажет;

-         ас дайындалатын және қабылдайтын ыдыстар сумен жуғыш құралдарды пайдаланып, жуылуға тиіс;

-         кез-келген азық түрлерін арнайы жабдықталған сату орындарынан ғана сатып алыңыздар.

Ауырып ем іздегенше- ауырмайтын жол ізде. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда.

 

 

Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамт
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея