Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 03.07.2019Қаралғаны: 131 рет
ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

 

Жастар жылына Қызылорда облысы бойынша  Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.

 Жарысқа департаменттің жас қызметкерлері қатысып, олар 4 командаға жасақталды.

Жарысты Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі М.Нәкенов ашып берді.

Ол өз сөзінде мұндай жарыстар қызметкерлердің спортқа деген сүйіспеншілікті арттыратындығын және патриоттық рухты көтеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыратынын  айтып сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс тартысты өтіп, командалар бір-біріне дес бермей, өздерінің мықтылықтарын көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды ЗК-169/1 мекемесі иеленсе,  ІІ орынды ЗК-169/5 мекемесінің командасы қанжығаларына байлады. Ал ІІІ орын ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлеріне бұйырды. Тартысты ойында «Үздік қақпашы» номинациясын ЗК-169/1 мекемесінің теолог-маманы Қ.Пазылов иеленді. Сондай-ақ «Үздік шабуылшы» номинациясы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы А.Досановқа бұйырды.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамт
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея