Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 02.07.2019Қаралғаны: 147 рет
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСЫ БАР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ ҰЖЫМДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты жеке кәсіпкерге қамқоршылық жасап отыру үшін 25000 теңге пара алған.

 Әріптестерінің заңға қайшы іс-әрекетін талқылауға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылық және инспекторлық құрамы қатысты.

«Облыстағы төтенше жағдайлар саласында 2018 жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы 2 қылмыстық іс тіркелген болса, биыл жыл басынан бері 1 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Жеке құрам арасында профилактикалық іс-шараларды күшейту қажет. Төтенше жағдайлар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалуы тиіс», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейтов.

Орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ұжымдастарының қатысуымен талқылау Қызылорда облысында тәжірибеге енгізілген. Жыл басынан бері мемлекеттік органдарда 72 ұсыну қаралып, 52 тұлғаға тәртіптік шара қолданылған.

 «Әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын қатаң ұстануы керек. Тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуі тиіс» - дейді талқылауға қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бағытында атқарылған жұмыстар баяндалды.

 «Қылмыс жасаған қызметкерге қатысты өткізілген сот отырыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлық құрамы қатыстырылған. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылық жасағаны үшін Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері З.С. теріс себептермен құқық қорғау органдарынан шығарылып, «азаматтық қорғау аға лейтенанты» атағынан айырылған», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты бөлімінің бастығы Марат Қобландиев.

Сонымен қатар, бұл факті бойынша басшылардың тікелей жауапкершілігі қаралған.

«Қарамағындағы қызметкерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізбегені, бақылау мен қадағалау жасамағаны үшін Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығына «қызметке толық сәйкес еместігi туралы ескерту» тәртіптік жазасы көрілді. Өз кезегінде, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы өз еркімен жұмыстан босату туралы баянат ұсынуына байланысты жұмыстан шығарылды», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты бөлімінің бастығы Марат Қобландиев.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамт
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея