Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.06.2019Қаралғаны: 157 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

 Бүгін «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров өңіріміздің журналистер қауымымен кездесіп, оларды төл мерекелерімен құттықтады.

 «Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрес тақырыбында қалам тербеп, ақпарат айдынында еліміздің дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосып жүрген қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби шарықтау, шығармашылық идеялар тілеймін!» ,- деді өз құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Арыстанғани Расылханұлы.

Сонымен бірге, Арыстанғани Расылханұлы өмірі шежіреге толы ішкі істер органдарының ардагері, Қазақстан Республикасы  Журналистер одағының мүшесі Қазыбек Әшірбекұлына  ерекше алғысын білдірді.

Бүгінгі мерекелік шара барысында полицияның имиджін көтеріп, беделін арттыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.      

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея