Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.06.2019Қаралғаны: 214 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

 

Қызылордада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат» атты Халықаралық суретшілер симпозиумы басталды. 

Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерімен қатар, республикаға танымал 20 қылқалам шебері мен жергілікті белгілі суретшілер мен жастар қатысып, бейнелеу өнерінің түрлі жанры бойынша салынған жаңа туындыларымен бөліспек. Сонымен қатар, өз шеберліктері мен қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік туады.

Шара аясында облыс орталығындағы көркемсурет галереясына Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың есімі берілді.

Симпозиум жұмысы 13 маусым күні Қорқыт атаның жай тапқан жері – Қармақшы топырағынан басталып, Қамбаш көлінде жалғасын таппақ.

25 маусымда көркемсурет галереясында ұйымдастырылған көрмемен симпозиум жұмысы қорытындыланады.  

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея