Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.06.2019Қаралғаны: 256 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАРЛЫҒЫНА БІРДЕЙ, ӘРКІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 

Электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған көпкүндік науқан барысында 3 мыңнан астам өтініш тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Сырдария ауданы Шіркейлі елдімекенінің тұрғыны Айсұлу Ахметова мыңыншы болып тіркеліп, ноутбук ұтып алды. Көп балалы ана ауылдан қалаға сабылмай қажетті құжаттарға EGOV арқылы үйден тапсырыс беріп отырған. Жалпы өңірде электронды қызмет алу үлесі 85% құрап отыр. Аталған акцияның бұған дейінгі науқандарына 30 мыңдай сырбойылық қатысқан болатын.

«№129 мектепте техперсонал болып жұмыс істеймін. 5 балам бар. «EGOV» арқылы құжаттар тапсырғанмын. Қызым үйден оқиды. Нұрайым Камал деген қызым бар, соның құжаттарын өткізгенмін ХҚКО. Бүгін сыйлыққа ие болып, ноутбук ұтып жатырмыз. Қуанышымда шек жоқ, рахмет сіздерге», - дейді акция жеңімпазы Айсұлу Ахметова.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея