Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.06.2019Қаралғаны: 92 рет
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ

 

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау  рәсімі басталып, онда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді.

Заңға сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.

Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.

Еске сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс президенттік сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 процент дауысын (сайлаушылардың 6 539 715 дауысы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады.      

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея