Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.06.2019Қаралғаны: 93 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ИИДМБ-2 АЯСЫНДА 6 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРАЙТЫН 28 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

 

Сыр өңірінде «Мемлекеттік индустриялық инновациялық даму бағдарламасының» екінші кезеңі аясында 25 өңірлік және 3 республикалық кәсіпкерлікті қолдау картасындағы жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде 677 жұмыс орны құрылған 7 жоба іске қосылды.

ИИДМБ-2 аясында Қызылорда облысында 7 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, индустрияландырудың бірінші бесжылдығында өңірде 17 жоба жүзеге асырылып, 1000 жуық жұмыс орын ашылды.

Екінші бесжылдықтың 28 жобасы ішінде 7 жоба 2015-2018 жж. жұмысын бастаса, тағы да 7 ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында жоспарлық қуаттылығын 90-100 пайызға игерді.

Барлық 28 жобаның толық іске қосылуынан кейін аймақта 6000 астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея