Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 07.06.2019Қаралғаны: 237 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ӨРТЕНУІ ЖИІЛЕП КЕТТІ

 

 

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 52 автокөлік өрті тіркелген. Осыған байланысты Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті  тұрғындарды және автоәуесқойларды автокөліктерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және оларды ескеруге шақырады.

 Әрбір  автокөлік иесінің жауапкершілігі жоғары болған жағдайда жану мен өрт оқиғасына жол берілмейді. Бұл үшін төмендегіні есте сақтау керек:

- аккумуляторды тікелей көлік құралында зарядтауға болмайды;

- жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға болмайды;

- май құю бактарының аузы ашылған күйінде  көлік құралдарын қалдыруға болмайды;

- тек қозғалтқышқа ғана емес, сондай-ақ автокөліктің электр бөлігіне де техникалық қызмет көрсетуді кезең сайын жүргізу қажет;

- автокөлікті жарамды өрт сөндіргішпен қамтамасыз ету керек;

- өрт болған жағдайда "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея