Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 07.06.2019Қаралғаны: 203 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ТҮСКЕН ЖАРНА МӨЛШЕРІ 5 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

 

2019 жылдың мамыр айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін қызылордалықтар 279,7 млн. теңге аударды, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев. 

 «2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 5,03 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі. Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,7 % немесе 4,9 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,3 % немесе 167,5 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея