Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.06.2019Қаралғаны: 165 рет
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Әр айдың соңғы бейсенбісі күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күнделікті жеке қабылдаулардан бөлек қала әкімдігі жанындағы қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. 

30 мамыр күні өткен кезекті қоғамдық қабылдауда қала әкімі 200-ге жуық тұрғынның жеке мәселерін тыңдап, әр мәселе бойынша жеке танысып, бақылауда ұстайтындығын жеткізген.

Тұрғындарға берген уәдесіне сай, шаһар басшысы қабылдауында болған азаматтардың өтініштерімен жеке танысу мақсатында бірқатар нысандарды аралаған еді.

Бұл жолы да қала әкімі сала басшыларымен бірге Бәйтерек-1 мөлтек ауданы, Талсуат ауылдық округі және Титов қыстағының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Нұрлыбек Машбекұлы тұрғындарды алаңдатып жүрген су, газ, электр қуаты және жол сұрақтары бойынша жауапты мекеме жетекшілеріне түйінді мәселенің шешімін тез арада табуды тапсырды.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея