Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 04.06.2019Қаралғаны: 136 рет
ЖАҒАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН БІЛУІ КЕРЕК

 

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары суға шомылу маусымы қарсаңында «Арай» қалалық жағажайында су асты тексерістерін жүргізді. 

Арай жағажайы – Қызылорда қаласының ең танымал демалыс орындарының бірі, сондықтан жағажайдағы су астын құтқарушылар демалушылардың қауіпсіздігі үшін  жыл сайын қоқыстардан тазартады. Биыл да бұл шаралар толығымен орындалды.

 Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандары Арай жағажайының 20 қызметкеріне суға кетіп бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін  үйретті. Сонымен қатар құтқару шеңберін және арнайы құралдарын суға кетіп бара жатқан адамға лақтыру тәсілдерін, суға батқан адамға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақтарын жүргізуде.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея