Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.05.2019Қаралғаны: 194 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

 

Бүгін үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың 2022 жылға дейінгі кешенді даму жоспарын таныстырды. Отырыстың қорытындысымен құжат бекітілді.

Өңірді дамытудың кешенді жоспары 12 бағыт, 119 іс-шарадан тұрады.  Олар - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлікті дамыту, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, экология және табиғатты пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, спорт, су тасқынына қарсы іс-шаралар, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Аймақ басшысы ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және даму қарқынын арттыру мақсатында облыстың өзекті мәселелері қаралғанын атап өтті.

"Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы-Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2022 жылға дейін облысты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған еді. Жоспар құны - 219,7 млрд.теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 156,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 50,6 млрд. теңге және басқа көздерден 12,4 млрд. теңге болатын 119 іс - шараны іске асыруды қамтиды", - деді аймақ басшысы.

ҚР Премьер - министрі Асқар Мамин "Кешенді жоспарды іске асыру өңірдің дамуына оң серпін беретінін" атап өтті.

Айта кетейік, өңірдің даму жоспары 2019 жылғы 21 мамырдағы республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамт
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея