Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 маусым 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.05.2019Қаралғаны: 160 рет
СЫРБОЙЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАШЫ ЖЕКЕ ЖОБАСЫНАН 25 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПТЫ

 

Сырбойылық Ай-Ти бағдарламашы өз жобасынан 25 миллион теңге пайда тапты.

 13 жасында түрлі компьютерлік кескіндемелер жасауға бет бұрған Евгений Демиденко 2 жылдан кейін биологиялық процестердің 4D анимациялық үлгісін даярлап шықты.

Бұл еңбегі – Оңтүстік Кореяда өткен ғылыми жобалар олимпиадасында үздік деп танылып, өнертапқышты әлемнің бірнеше топ бизнес университеттері білім алуға шақырған. Мектепті «Алтын белгімен» аяқтаған дарынды өрен қабілет-қарымын шыңдап, оны мемлекет пайдасына жұмсауды басты парызым деп санайды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі – Евгений Демиденко АйТи-технологияларды терең меңгеріп, ел мерейін асыруға мүдделі. Республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған дарынды өрен ойлап тапқан ұшақ үлгісіне әйгілі «Бойнг» компаниясы құда түскен. Женя ұшу аппараты нобайын жасағанда негізінен қоршаған ортаға зияны неғұрлым аз болуына мән береді.    

«Оның біраз ерекшеліктері бар. Ең маңызды менің ойымша ол – ұшақ гибрид. Ол отынмен және электр тоғы күшімен бірге жұмыс істейді. Айтып жатады ғой әлемде, ғаламшарда экологияны құтқару керек. Сондықтан сол ұшақтың негізгі ойы сонда деп айтсам болады», - дейді жас бағдарламашы Евгений Демиденко.

Евгений қазір ютуб ресурсына балама бағдарлама жасау үстінде. Одан бөлек электронды сауда желісін жеделдететін онлайн-тетік төңірегінде еңбектеніп жүр. ІТ жобаларын қолдауға қызығатындар да көп.

«Көбінесе Қытай компаниялары біраз сомаларды ұсынады. Бірақ мен оларға қызығып жатқан жоқпын. Осы жобаларды мен алғаш рет Қазақстанда жариялағым келеді. Қазақстанда жақсы дәрежеге жетсе әлемдік деңгейге көрсеткім келеді. Қазіргі уақытта мен Қазақстан дамуына үлес қосқым келеді және сол бағытта ойланып, сол бағытта жобалар дайындап жатырмын», - дейді жас бағдарламашы.

«Мұрагер» мектебінен түлеп ұшқан білімпаз түлек өңірде жас құрастырушылар мен өнертапқыштар қорын құруды ұсынады. Өйткені аймақта жобалары қолдауға тұрарлық дарынды жастар өте көп. Көпке үлгі бола білген Сыр ұланы келешекте 3D-4D анимациялық технологияны қолданатын «Дисней» секілді ірі компания ашуды армандайды.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея