Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 14.05.2019Қаралғаны: 225 рет
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ МЕН «ЖАН-АРАЙ» СЕРІКТЕСТІГІНЕ БАРДЫ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр өңіріне сапары кезінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына және «Жан-Арай» ЖШС-ға барды.

2017 жылы пайдалануға берілген көпбейінді балалар ауруханасында 11 бөлім, 5 операциялық блок, реанимациялық және анестезияға арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ мұнда кеңес беру-диагностикалық бөлімі жұмыс істейді. Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мамандар шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырған.  

Одан әрі Мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС жұмысымен танысты. Серіктестік күріш өндірісімен және күріш дақылын халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, жем өндірісімен де шұғылданады. Кешен үш бөліктен тұрады.

«Жан-Арай» ЖШС-ның күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдейді. Сондай-ақ, тәулігіне 80 тонна жем өндіреді. Кәсіпорында 300-ге жуық адам еңбек етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы алты жылда 3-тен 15 түрге көбейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін агрокарта әзірленді. Оның мақсаты - экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Сыр өңіріне сапары басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея