Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 14.05.2019Өзгертілді: 14.05.2019Қаралғаны: 97 рет
САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 20 МЛРД. ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы жыл басынан бері медицина ұйымдарына 19,7 млрд. теңге төледі. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 46,6 % құрайды, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы.

 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 42,3 млрд. теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 8,5 % артық.

 «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Р.Бектібаев.

Биылғы жылы Қызылорда облыс бойынша мемлекеттік тапсырысты 74 медицина ұйымы орындайды. Оның ішінде 44 жеке меншік клиника да бар.

Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан жеке меншік медицина ұйымдарының саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея