Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 қазан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.05.2019Қаралғаны: 177 рет
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

 

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай, 50 отбасыға азық-түлік таратылды.  

«Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталмыш шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Рамазан айы баршаңызға құт-берекесін алып келсін! Ораза мүбарак болсын!» – деді қайырымдылық шарасына қатысқан Өкіл имам Болатбек Әбуов. Өкіл имам әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік қалтасын үлестірді.

Акция аясында көмек алған көпбалалы аналар мен мұқтаж жандар Өкіл имам бастаған мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея