Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 тамыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.05.2019Қаралғаны: 206 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА 20 ЖАС ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Қызылордада Мемлекеттік Рәміздер аллеясында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» мерекелері қарсаңында салтанатты  жиын болып өтті.

Шараға Ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент басшылығы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.  

Салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауы оқылды. Сонан соң департамент бастығы полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, жеңімпаз ұрпақтың ерен ерлігі, халқымыздың шексіз қаһармандығы, ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы саналатынын атап өтті.  

Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен 8 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар департамент бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 128 қызметкері, оның ішінде 22 ардагер марапатталды.

Дәстүрге сай мереке қарсаңында 20 жас маман ант беріп, құқық қорғау органдарының қатарына алынды. Полиция қатарына жаңа қосылған  жас мамандар қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея