Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 мамыр 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 30.04.2019Қаралғаны: 148 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров жаңа қызметінде алғашқы  қабылдау жүргізді.

Департамиент бастығы ішкі істер органдарына сенімділік деңгейін көтеру мақсатында тұрғындармен кері байланыс орнатуда. Мұндай шаралар нәтижесінде қызылордалықтар тікелей департамент бастығына өз сауалдарын жолдауға мүмкіндік алады.  

Алғашқы қабылдау Құқық қорғау қызметтері орталығында өткізілді.  Тұрғындар тарапынан түрлі сипаттағы сұрақтар қойылды.

Мәселен, ұлын ішкі істер органдарына тұрғызу жөнінде бірнеше мәрте жүгінген Шиелі ауданының тұрғынына  ішкі істер органдарында штаттық қысқарту жүргізіліп жатқанына қарамастан ел аймақтары бойынша бос орындар жөнінде толық мағлұмат берілді. Өз кезегінде жеке қабылдауға келген жалғызбасты ана ұлының жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар екенін біліп, департамент басшылығына алғысын білдірді.

Департамент бастығымен өткізілген бұл қабылдауға 10 адам жазылды. Арыстанғани Заппаров жеке қабылдауға келген азамттардың талап-тілектері мұқият тыңдап, заң шеңберінде сапалы кеңестер айтты. Әр сауалды назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшыларына тапсырмалар берді.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея