Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 26.04.2019Қаралғаны: 218 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 2 КҮНДЕ 507 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

 

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. 23-25 сәуір күндері қала аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Басқарма басшылығы көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, ойын-сауық және азаматтар көп шоғырланатын жерлерде мобильді патрульдер ұйымдастырып, қала жолдарында жол полиция патрульдерінің қызметін күшейтуде.

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 507 қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуға әкеп соқтырған әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.    

«Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзушылық, атап айтқанда, жылдамдықты асырған  30 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 26 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 4 дерегі, қарсы бағытқа шығудың 1 дерегі,  қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  қауіпсіздік белдігін тақпаудың 33 дерегі, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы үшін 29 дерегі анықталды», – делінген Қызылорда қаласының полиция басқармасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея